Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Екінші Шымкент. Мамбеттер»: Астанадағы мәслихат депутаттығына үміткердің аудиожазбасы желіде дау тудырды (ВИДЕО)

«Екінші Шымкент. Мамбеттер»: Астанадағы мәслихат депутаттығына үміткердің аудиожазбасы желіде дау тудырды (ВИДЕО)

Астана қаласындағы мәслихат депутаттығына үміткер, саясаттанушы Владислав Сергеевтің есімімен байланысты ұлтараздық шу шықты, деп хабарлайды Alash.kz.

Мәселе Threads әлеуметтік желісінде жарияланған посттан соң қызу талқыға түсті. Өзін «Әділет» партиясының еріктісі ретінде көрсеткен қолданушы партия кураторларының біріне жолданды делінген аудиожазбаны көпшілікке ұсынған. Жазба мазмұнында үгіт науқанына қатысушыларға тұрғындармен қазақ тілінде тілдесу жөнінде нұсқау берілгені, сондай-ақ елорданың Оңтүстік-Шығыс шағын ауданы «екінші Шымкент» деп аталып, жергілікті тұрғындардың намысына тиетін, кемсітетін сөздер айтылғаны көрсетілген. Пост авторының пайымдауынша, куратор хабарламаны соңына дейін тыңдамай, еріктілердің ортақ чатына жіберіп жібергендіктен, аудио кеңінен тарап кеткен.

Көп ұзамай Владислав Сергеев бұл жағдайға қатысты ресми пікірін білдіріп, жазбадағы дауыстың өзіне тиесілі емес екенін алға тартты. Ол мұндай жазбалардың заманауи технологиялар көмегімен қолдан жасалу ықтималдығына назар аударды:

«Таралып жатқан аудиожазба жасанды интеллект технологияларының көмегімен жасалуы мүмкін екенін жоққа шығармаймын. Үгіт-насихат жұмысын сенімді өкілдеріммен бірлесіп жүргізіп жатырмын. Еріктілерді бұл жұмысқа тартқан жоқпын. Жағдайдың мән-жайын анықтауға құқық қорғау органдары қосылды. Тексеру жүргізу үшін қажетті көмек көрсетуге, соның ішінде жеке телефонымды ұсынуға дайынмын», — деп мәлімдеді үміткер.

Саясаттанушы сонымен қатар еліміздің заңнамасында көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салып, тергеу амалдары аяқталғанша расталмаған мәліметтерді таратпауға үндеді. Оның сөзінше, істің мән-жайы толық анықталған соң қосымша мәліметтер берілетін болады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
Жарнама
Соңғы жаңалықтар