Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатында екінші жеңісіне қол жеткізді

Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатында екінші жеңісіне қол жеткізді

Алматыда әйелдер командалары арасында гандболдан Азия чемпионаты жалғасуда. Қазақстан құрамасы топтық кезеңдегі екінші кездесуінде де жеңіске жетті, деп хабарлайды Alash.kz.

Бұл жолы отандастарымыз Үндістан құрамасынан басым түсті. Ойын 33:27 есебімен Қазақстан құрамасының пайдасына аяқталды.

Еске салайық, қазақстандық гандболшылар алғашқы ойында Аустралия құрамасын жеңген болатын.

ҰОҚ мәліметінше, Қазақстан құрамасы В тобындағы келесі кездесуін бүгін, 25 қарашада Өзбекстанға қарсы өткізеді.

Азия чемпионаты 3 желтоқсанда мәресіне жетеді. Жарыстың қорытындысы бойынша үздік төрт құрама 2027 жылы Венгрияда өтетін әлем чемпионатына жолдама алады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
Жарнама
Соңғы жаңалықтар