Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Біз кездесеміз, балам»: Тұңғышынан айырылған Рүстем Жаныаманов жан сырын ақтарды (ВИДЕО)

«Біз кездесеміз, балам»: Тұңғышынан айырылған Рүстем Жаныаманов жан сырын ақтарды (ВИДЕО)

Тұңғыш перзентінен айырылған актер Рүстем Жаныаманов жары Жанаргүл Жаныамановамен бірге журналист Жанар Байсемізге сыр бөлісіп, қара жамылған күндердегі күйзелісін баяндады, деп хабарлайды Alash.kz.

Әңгіме барысында өнер иесі перзентімен соңғы рет бақұлдасқан сәтіне тоқталып, жансыз жатқан ұлының құлағына қандай сөз айтқанын жария етті. Актердің сөзінше, баласын алғаш көргенде жанына жақындап, иман сөздерін айтқан:

«Біз кездесеміз, балам», — деп қоштасқан Рүстем Жаныаманов сол ауыр сәтті еске алды.

Өнер иесі ұлының қазасы әлі күнге дейін жүрегін ауыртатынын ашық жеткізді. Ол перзенті жерленген зират басына жиі барып тұратынын да тілге тиек етті. Қазіргі уақытта ерлі-зайыпты Жанаргүл екеуі осы қайғылы кезеңде бірін-бірі демеп, қалыпты өмір ырғағына ақырындап бейімделуге күш салуда.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
Жарнама
Соңғы жаңалықтар