Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқаруды реформалау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамын бекітті, деп хабарлайды Alash.kz.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды.
Мемлекеттік басқаруды реформалау мәселелері жөніндегі комиссия мемлекеттік басқару жүйесін реформалаудың бағыттары мен тәсілдерін тұжырымдау, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқаруды реформалаудың кешенді жоспарын әзірлеу үшін жүйелі ұсыныстарды қарау мақсатында құрылды.
Комиссияның жұмыс органы – Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі.
Комиссия құрамына мемлекеттік органдардың басшылары, Құрылтай депутаттары және Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері кірді.
Отырыстарға мүдделі орталық мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ басқа да ұйымдардың өкілдері қатыстырылуы мүмкін.
Құрамы:
Скляр
Роман Васильевич–
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, төраға
Ерғалиев
Әсет Арманұлы–
Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы, төрағаның орынбасары
Смайылов
Әлихан Асханұлы–
Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы
Қойшыбаев
Ғалымжан Тельманұлы–
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Үкімет Аппаратының Басшысы
Жұманғарин
Серік Мақашұлы–
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
Мәдиев
Жаслан Хасенұлы–
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі
Жиенбаев
Ержан Нұрланұлы–
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары
Есекеев
Қуанышбек Бақытбекұлы–
Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі
Жазықбай
Дархан Медеғалиұлы–
Сәрсембаев
Ерлан Жақсылықұлы
–
Қазақстан Республикасының Әділет министрі
Қасымбек
Жеңіс Махмұдұлы
–
Астана қаласының әкімі
Ахметжанов
Марат Мұратұлы
–
Ақмола облысының әкімі
Сатыбалды
Дархан Амангелдіұлы
–
Алматы қаласының әкімі
Ақшолақов
Болат Оралұлы
–
Атырау облысының әкімі
Байманов
Шахмардан Асқарұлы
–
Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі
Есімханов
Сұңғат Қуатұлы–
Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Экономикалық саясат, өнеркәсіп және энергетика комитеті төрағасының орынбасары
Каринова
Шолпан Таңатқызы
–
Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі
Смышляева
Екатерина Васильевна–
Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитеті төрағасының орынбасары
Лукин
Андрей Иванович
–
Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі
Мусин
Бағдат Батырбекұлы
–
Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі
Шайымова
Айгүл Амантайқызы–
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары, хатшы