Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Жағадан 300 метр қашықтықта жатқан»: Қарағанды облысында із-түзсіз жоғалған зейнеткердің денесі табылды (ВИДЕО)

«Жағадан 300 метр қашықтықта жатқан»: Қарағанды облысында із-түзсіз жоғалған зейнеткердің денесі табылды (ВИДЕО)

Қарағанды облысында шамамен бір апта бұрын балық аулауға шығып, із-түзсіз жоғалып кеткен 64 жастағы зейнеткердің мәйіті табылды, деп хабарлайды Alash.kz.

Шахан кентінің тұрғыны Қарқаралы қаласынан 14 шақырым қашықтықта орналасқан Беталыс көліне балық аулауға аттанған. Кейіннен онымен байланыс үзіліп, өз бетінше хабарласу әрекеттері нәтиже бермеген соң, жақындары полиция мен төтенше жағдайлар департаментіне жүгінген.

Хабарлама түскен бойда су айдынына арнайы жабдықтармен жарақталған жеті құтқарушы жіберілді. Іздестіру жұмыстары барысында мамандар әуелі жоғалған азаматтың жеке заттарын кезіктірген. Кейінірек сол маңнан, яғни жағалаудан 300 метр қашықтықтағы 4 метр тереңдіктен зейнеткердің денесі су астынан шығарылды.

Айта кетейік, өткен аптада өңірдегі Есен өзенінде тағы үш балықшы суға батып, көз жұмған болатын. Осыған байланысты құтқарушылар тұрғындарды маусымаралық кезеңде қауіпсіздік талаптарын сақтап, су айдындарына шығудан бас тартуға шақырады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
Жарнама
Соңғы жаңалықтар