Жол апаты Гиза провинциясындағы айналма тасжолда болған, деп жазады Alash.kz порталы Daily News Egypt сайтына сілтеме беріп.
Прокуратураның мәліметінше, жеңіл көлік жүргізушісі сағатына 110 шақырым жылдамдықпен келе жатып, басып озу кезінде жанармай таситын көлікке соғылған.
Салдарынан жүк көлігі аударылып, төгілген жанармай тұтанған. Өрттен 27 автомобиль мен мотоцикл жанып кеткен.
Денсаулық сақтау министрлігі 21 адам жарақат алғанын хабарлады.
Оқиға орнында 39 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеген.
Жеңіл көлік жүргізушісі ұсталды.
Үкімет қаза тапқандардың отбасына және зардап шеккендерге өтемақы төлеуді жоспарлап отыр.