Атырау облысында бастапқыда із-түссіз жоғалып, кейіннен мәйіттері өз баспаналарының аумағынан табылған Қарабалиндер әулетінің жақындары марқұмдарды еске алу асын өткізгелі жатыр, деп хабарлайды Alash.kz.
Қайғы жамылған әулеттің туыстары көпшілікке үндеу жолдап, еске алу рәсімі 2026 жылдың 26 желтоқсанында таңғы сағат 9:00-де Миялы ауылында орналасқан «Ақсәуле» дәмханасында өтетінін хабарлады:
«Ағамыз Мақсот Қарабалин, жеңгеміз Нәсіп Өтемқалиева, сіңіліміз Мейрамгүл, ініміз Наурыз марқұмдардың рухтарына құран бағыштап, дұға жасауға арналған еске алу асына шақырамыз», — делінген таратылған ақпаратта.
Еске сала кетейік, бүкіл елді дүрліктірген бұл трагедия 2025 жылдың 25 желтоқсанында Атырау облысы полициясының бір отбасының төрт бірдей мүшесіне іздеу жариялауынан басталған еді. Жангелдин ауылында жүргізілген іздестіру шаралары кезінде алдымен ерлі-зайыпты Мақсот Қарабалин мен Нәсіп Өтешқалиеваның сүйегі өздері тұрған үй аумағынан табылды. Араға бірнеше ай салып, сол маңнан отбасының қызы Мейрамгүл Қарабалина мен ұлы Наурыз Мұқанғалиевтың да сүйегі қазып алынған болатын. Қазіргі таңда аталған қанды қылмысқа қатысты Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты сот процесі қоғам назарында тұр.