Жамбыл облысында мектеп оқушыларының қатысуымен түсірілген 14 минуттық бейнежазба әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Оқиға Тараз қаласындағы мектептердің бірінде оқитын жасөспірімдер арасында болған, деп жазады Alash.kz.
Желіде тараған видеода екі жасөспірім көрінеді. Сондай-ақ кадр сыртынан тағы бір жасөспірімнің дауысы естіледі. Бейнежазба барысында олардың әдепсіз сөздер айтып, оғаш әрекеттер жасағаны байқалады.
Осы жағдайға байланысты облыстық бала құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Дәурен Бағжанов түсініктеме берді. Оның мәліметінше, бейнежазбаға қатысы бар барлық жасөспірімнің кім екені анықталған.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға түнгі уақытта, мектеп аумағынан тыс жерде болған.
Құзырлы органдар істің мән-жайын анықтап жатыр.