Алматы қаласында 15 жастағы қызға ерсі әрекет жасады деген күдікпен таксист ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Alash.kz.
Оқиға жайлы полицияға жасөспірімнің анасы арыз түсірген. Жәбірленуші қыздың айтуынша, жол жүру кезінде жүргізуші оған рұқсатсыз жанасып, орынсыз әрекеттерге барған. Ал көлік белгіленген жерге жеткен сәтте қызды салон ішінде ұстап қалып, сүймек болған.
Құқық қорғау органдары күдіктінің тұлғасын анықтап, оны қолға түсірді және уақытша ұстау изоляторына қамауға алды. Қазіргі таңда аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр, тергеушілер болған жайттың барлық мән-жайын жан-жақты тексеруде.