Жамбыл облысында төрт баланың анасы бірге тұратын ер адамның соққысынан кейін комаға түсті, деп жазады Alash.kz
Оқиға 24 қарашаға қараған түні Шу қаласында болған.
50 жастағы әйелдің қызы тілшімізге оқиғаның мән-жайын айтып берді. Оның сөзінше, анасы он жыл бойы бірге тұрған ер адамнан жиі таяқ жеген.
«Анамды үнемі ұратын. Қаншама рет полиция да шақырттық, бірақ қамамайтын. Анам үнемі қуумен болатын, ол кетпей қоятын», – дейді Диана Тұрсынбаева.
Қызының айтуынша, анасы соққы алғаннан кейін бір тәулікке жуық медициналық көмексіз үйде жатқан. Қазір ол комада, жағдайы өте ауыр.
Әйелдің балалары кінәлі адамның жазалануын талап етіп отыр.
Полиция қылмыстық іс қозғап, сот сараптамалары тағайындалғанын хабарлады.