Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Атыраулық хакер" 3,5 жылға сотталды

"Атыраулық хакер" 3,5 жылға сотталды

32 жастағы Нұрлан Жаңбырбаев бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оның әрекетінен 12 адам зардап шегіп, келтірілген жалпы шығын көлемі шамамен 13 миллион теңгені құраған, деп жазады Alash.kz.

Соттағы соңғы сөзінде Жаңбырбаев өзін колонияға жібермеуді сұрап, жәбірленушілерге қалған ақшаны қайтаруға уәде берген.

Нәтижесінде сот оны 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Алайда жаза шартты түрде тағайындалды.

"Ер адам азаматтарға инвестициялық жобаларға ақша салуды, IT курстарынан өтуді ұсынған. Сондай-ақ аккаунттарды бұғаттан шығаруға көмектесуге уәде беріп, түрлі техника сатқан. Алайда адамдар оған ақша аударғанымен, уәде етілген қызметтер мен тауарларды алмаған", – делінген тергеу мәліметінде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
Жарнама
Соңғы жаңалықтар