Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"400 мың теңге пара алды деп күдіктелуде" - Павлодардың бас санитар дәрігері ұсталды

"400 мың теңге пара алды деп күдіктелуде" - Павлодардың бас санитар дәрігері ұсталды

Павлодар қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Александр Сафьяников пара алды деген күдікке ілінді. Ұлттық қауіпсіздік комитеті осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп жазады Alash.kz.

Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, шенеунік кәсіпкерден 400 мың теңге алған болуы мүмкін.

Сафьяников басқаратын басқарма оның ұсталғаны туралы ақпаратты растаудан бас тартты. Мекеме өкілдері шенеуніктің қазіргі уақытта еңбек демалысында екенін мәлімдеген.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Сафьяниковтың құқық қорғау органдарымен процестік келісімге келгені туралы да ақпарат тараған. Мұндай келісім күдіктінің кінәсін мойындауы немесе тергеуге көмектесуі жағдайында жазаны жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, Александр Сафьяников Павлодар қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасын 15 жылдан астам уақыт басқарып келеді. Ведомство дәмханалар, дүкендер, мектептер мен балабақшалардың санитариялық талаптарды сақтауын қадағалайды. Сондай-ақ кәсіпкерлерге айыппұл салып, нысандардың жұмысын уақытша тоқтата алады.

Коронавирус пандемиясы кезінде Сафьяников қаладағы карантиндік шектеулерге қатысты ақпарат беріп жүрген негізгі тұлғалардың бірі болған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
Жарнама
Соңғы жаңалықтар