Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Тыңдайтын үкімет көріп отырған жоқпын": Зайытов депутаттардың үнін үкіметтің тыңдамайтынына ашынады

16:20, 02 қыркүйек 2024 257

Парламент қабырғасында журналистер Мәжіліс депутаты Ринат Зайытовтан рөлі оң жақта орналасқан көлік жүргізушілеріне жүруге тыйым салынуына байланысты олар тарапынан наразылық болып жатқанын, бұл мәселе қалай шешілетінін сұрады, деп хабарлайды Alash.KZ сайты Ulysmedia.kz материалына сүйеніп.

- Оның бәрін қайда жібереді сонда? – деп депутат қарсы сұрақ қойды. – Байғұс кедей-кепшікке көлік әпереміз бе, ол мәселені қалай шешеді? Біз айта береміз, оның шешілуі қайда? Біреу емес, бәленбай көлік... Дұрыс мес! Алдымен олардың жағдайын шешіп берейік...

Сондай-ақ депутаттан «Жаз бойы мектептерге жөндеу жүргізілді ғой. Тексердіңіз бе? Қандай да бір құқықбұзушылық анықталды ма?» деп сұрады тілшілердің бірі.

Көп болды. Мен нақты тізімін бердім. Өзіме түскен шағымдарды министрлікке апарып бердім...

«Министрлер сіздерді қаншалықты тыңдап жатыр?» - деді тілші

Тыңдайтын үкімет көріп отырған жоқпын. Айтқанын керісінше істейді. Бір жылдан астам бойы «жарайды, жарайды» деп көңілге қарағанымыз дұрыс болмаған шығар, тыңдата алмай отырған айыбымыз бар шығар, - деді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар