Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Тұрғындар газ жүйесіне өз бетінше қосылған” - Шәуілдірдегі газ жарылысының жай-жапсары белгілі болды

08:58, 31 қазан 2025

Түркістан облысының Отырар ауданында газ жарылысы салдарынан тұрғын үйдің бір бөлігі қирап қалды, деп хабарлайды Alash.kz.

Оқиға Шәуілдір ауылындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. Бейресми мәлімет бойынша, жарылысқа себеп — тұрғындардың газ жүйесіне өз бетінше қосылуы. Нәтижесінде бір адам жарақат алып, бірнеше пәтер бүлінген. Қазіргі таңда газ беру уақытша тоқтатылып, мамандар желіні тексеріп жатыр.

“QazaqGaz Aimaq” компаниясы бұл жағдайға байланысты түсініктеме беріп, рұқсатсыз газға қосылудың адам өміріне тікелей қауіп төндіретін әрекет екенін ескертті. Компания барлық орнату және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын тек лицензиясы бар мамандардың орындауы қажет екенін мәлімдеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар