Ақмола облысында жеті баланың әкесі Айжалғас Қайруллинов хабар-ошарсыз кеткен. Ол екі жарым айдан бері табылмай жатыр, деп хабарлайды Alash.kz.
Оқиға Біржан сал ауданына қарасты Кеңащы ауылында болған. 31 жастағы ер адам кешкі уақытта үйінен шығып кетіп, содан бері қайта оралмаған. Осыған байланысты оның анасы аудандық полиция бөліміне арызданған.
Хабарлама түскеннен кейін құқық қорғау органдары жедел-іздестіру шараларын бастаған. Іздеу жұмыстарына полиция қызметкерлері, төтенше жағдайлар бөлімшелері, еріктілер, марқұмның туыстары мен ауыл тұрғындары тартылған.
Тергеу барысында бірнеше нұсқа қарастырылып жатыр, оның ішінде үшінші тұлғалардың қатысы болуы мүмкін деген болжам да бар. Қазіргі таңда іздеу шаралары тоқтатылған жоқ.
Құқық қорғау органдары Айжалғас Қайруллиновтың жүрген жері туралы қандай да бір мәліметі бар азаматтарды полицияға хабарласуға шақырады.