Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қаны саулап ағып, талып қалған әйел мен пышақ ұстаған қыз". Екібастұздағы бір подъезд камерасына түсіп қалған көрініс елді шошытты (ФОТО)

12:00, 10 қаңтар 2026

Екібастұздағы бір подъезд камерасына қанды көрініс түсіп қалған. Әйел қансырап, үйден шығуға тырысады, бірақ лифт маңында құлап қалады. Бірнеше минуттан кейін артынан басқа бір қыз шығып, қаны тамшылаған қолына пышақ ұстап оқиға орнына келеді, деп хабарлайды Alash.kz.

Павлодар облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты ресми мәлімет берді.

«9 қаңтарда Екібастұз қаласындағы бір пәтерде болған оқиғаға байланысты полицияға хабар түсті. Келген қызметкерлер пәтерде болған жанжалда, ықтимал алкогольді мас күйде, бір қатысушыға бірнеше рет пышақ салынғаны анықтады. Жарақат алған азамат оқиға орнында қаза тапты. Сонымен қатар, басқа бір әйел де пышақ жарақатын алып, медициналық мекемеге жеткізілді», – деп хабарлады полиция.

Департаменттің мәліметінше, күдікті оқиға орнынан бірден ұсталып, уақытша ұстау изоляторына жеткізілген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар