Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Мұрны мен қабырғаларын сындырған". Шардарада әкесін аяусыз ұрған еркекке қатысты тың ақпарат шықты

16:19, 10 қаңтар 2026

Түркістан облысында әкесін азаптады деп айыпталған ер адамға қатысты сот процесі басталды, деп хабарлайды Alash.kz.

Түркістан облысында қарт әкесін аяусыз соққыға жықты деп айыпталған азаматқа қатысты сот отырысы басталды. 

41 жастағы Алмас Садақбаевқа дәрменсіз күйде болған әкесін азаптап, оның денсаулығына қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтірді деген айып тағылып отыр.

Сот барысында Қоссейіт ауылдық округінің әкімі Нұрбол Жайнар куә ретінде жауап берді. Оның айтуынша, ол видеоны марқұм әкесі қайтыс болғаннан кейін ғана көрген. Осыдан кейін айыпталушыны әңгімеге шақырып, кездесуге учаскелік полиция қызметкерін де қатыстырған. Алайда Алмас Садақбаев әкесіне күш көрсеткенін мойындамаған.

Прокурор Нұрмахан Елшібаевтың мәліметінше, эксгумация барысында марқұмның денесінде ауыр жарақаттар анықталған.

«Эксгумация кезінде мұрын сүйегінің, қабырғалардың сынғаны белгілі болды. Алайда сот-медициналық сараптама өлімнің нақты себебін анықтай алмады. Бұған мәйіттің ұзақ уақыт өткен соң зерттелуі, яғни шіру процесі себеп болды», – деді прокурор.

Еске сала кетейік, 2024 жылдың қыркүйегінде Түркістан облысында ер адамның өз әкесін балағаттап, ұрып-соққан видеосы әлеуметтік желілерде тараған болатын. Көп ұзамай күдікті әйелімен бірге қамауға алынған еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар