Бокстан Ұлттық құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжанов денсаулығына байланысты қызметтен өз еркімен кеткенін хабарлады, деп жазды Alash.kz.
Қайрат Тұрсынханұлы 2024 жылдың тамыз айынан бастап Ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы қызметін атқарған. Оның жетекшілігімен ерлер командасы халықаралық турнирлерде жоғары нәтижелер көрсетіп, әлем чемпионатының жүлделерін жеңіп алған.
Қазақстан Бокс федерациясының ресми хабарламасында:
«ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Қайрат Сәтжановтың жетекшілігімен команда көптеген халықаралық жарыстарда топ жарып, әлем чемпионатында жүлделі орындарға ие болды. 35 жылдан астам тәжірибесі бар маман денсаулығына байланысты қызметтен бас тартуға мәжбүр болды. Қайрат Тұрсынханұлына отандық бокс қауымдастығының атынан алғысымызды білдіреміз!»