Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«20 мың лаңкес туралы ақпаратты Мәсімов берді»: Депутат Қаңтар оқиғасы туралы тың мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

18:32, 09 қаңтар 2026

Мәжіліс депутаты және «AMANAT» фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев shyndyk.kz подкастына берген сұхбатында Қаңтар оқиғасының кейбір тұстарын ашып айтты, деп хабарлайды Alash.kz.

Бейсенбаевтың сөзінше, Алматыға 20 мың лаңкес шабуылдады деген мәлімет шындыққа жанаспайды. Депутат бұл жалған ақпаратты Кәрім Мәсімов жеткізгенін алға тартты.

Елнұр Бейсенбаев бұл деректің кезінде қалың бұқара мен БАҚ өкілдерін қатты алаңдатқанын, алайда мұндай үлкен топтың шабуыл жасағанына ешқандай нақты айғақ табылмағанын жеткізді.

Депутат өз сөзінде былай деді:

«Алматыдағы 20 мың террорист туралы ақпаратты ҰҚК-нің сол кездегі төрағасы Кәрім Мәсімов таратып, президентке жалған ақпарат берді».

Еске сала кетсек, 2022 жылғы оқиғалар кезінде Қасым-Жомарт Тоқаев қалаға 20 мың содырдың басып кіргенін айтып, кейіннен ескертусіз оқ ату туралы жарлық шығарған еді. Кейіннен Кәрім Мәсімов мемлекеттік төңкеріс жасауға талпынды деген айыппен 18 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар