Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Тағы қайталаса, біз қатты соққы береміз!» - Трамп Иран билігіне ауыр ескерту жасады

17:19, 09 қаңтар 2026

Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамп Fox News телеарнасына берген сұхбатында Ирандағы жағдайға қатысты қатаң мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Alash.kz. 

АҚШ басшысының айтуынша, егер ресми Тегеран көшеге шыққан наразылық білдірушілерге қарсы күш қолданып, оларды өлтіруге көшсе, Вашингтон тарапынан пәрменді жауап болады.

АҚШ лидері Ирактың мемлекет ретінде құлдырау шегінде тұрғанын жоққа шығармады. Ол бұрынғы қанды оқиғаларды мысалға келтіре отырып, биліктің өз халқына жасаған қатыгездігін сынға алды.

Трамп сұхбат барысында былай деді:

«Бұл мүмкін. Мен олардың бұрын не істегенін айтып отырмын. Олар адамдарды жай ғана атып тастай бастады. Кенеттен қолында ешқандай қаруы жоқ адамдар тұрған жерінде пулеметтен оққа ұшты. Немесе оларды ұстап алып, түрмеге апарады, содан кейін дарға асып өлтіреді. Яғни, олар өте қатал әрекет етті. Мен егер олар тағы да солай істейтін болса, біз өте қатаң соққы беретінімізді айттым. Біз қатты соққы береміз. Біз бұған дайынбыз. Егер олар солай істесе, біз қатты соққы береміз».

Журналист Аятолла Әли Хаменеидің елден кетіп, Ресейді паналау жоспары туралы сұрағанда, Трамп оның қазір қашатын жер іздеп жүргенін растады. Қазіргі таңда Иранда экономикалық дағдарыс ушығып, халық жаппай шеруге шығуда, ал билік ақпаратты шектеу мақсатында елдегі интернетті толықтай өшіріп тастаған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар