Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Ақ күрішке араласып шыққан". Қазақстандағы Magnum дүкеніндегі тауарлардан мысықтың нәжісі табылды (ВИДЕО)

14:26, 10 қаңтар 2026

Шымкенттегі Magnum дүкенінде үй жануарының нәжісі контейнердегі күрішке араласқан видео әлеуметтік желіде тарады. Оқиға Володарский көшесіндегі сауда нүктесінде болғанын Stan.kz хабарлады, деп жазды Alash.kz.

Компанияның Halyqstan Telegram арнасына берген жауабында түнде тауар қабылдау кезінде екі мысық абайсызда залға кіріп кеткені айтылған. Таңертең контейнерлердің бірі ашық қалып, жануардың күрішке кіргені камерадан анықталған. Сатып алушы бұл көріністі видеоға түсірген.

“Бұзылған өнім мен контейнер дереу сөреден алынып тасталды, ғимаратта санитарлық тазалау жүргізілді, қалған тауарлар тексерілді. Басқа бұзушылықтар анықталған жоқ. Сонымен қатар мысықтарды іздеуге жануарларды қорғаушылар жұмылдырылды”, – делінген Magnum хабарламасында.

Компания бұл жағдай дүкенде алғаш рет болғанын, алдағы уақытта қауіпсіздік шараларын күшейтіп, осындай оқиғалардың алдын алатынын жеткізді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар