«Жаңа адамдар» жастар қозғалысының белсенді мүшелері Ержан Райхановтың сұхбат құрып, подкаст өткізді. Сұхбатта қозғалыстың қызметі мен мақсаттары жайлы кеңінен баяндалды, деп хабарлайды Alash.kz.
Сұхбат барысында жастар қозғалысының қоғамдағы рөлі, негізгі бағыттары және нақты бастамалары талқыланды.
Подкастта азаматтық науқандарды іске асыру, өңірлерде жұмыс істейтін кампустардың қызметі, «124» бастамасының мәні, заң мен тәртіп мәселелері, әйелдер қауіпсіздігі, жастардың қоғамдық өмірге араласуы және Мемлекет басшысымен өткен кездесулер жөнінде маңызды пікірлер айтылды.
Қозғалыс өкілдері жастардың белсенділігі мен азаматтық жауапкершілігі қоғамдағы оң өзгерістердің басты қозғаушы күші екенін атап өтті. Олар әлеуметтік мәселелерді шешуде бейжай қалмай, нақты әрекетке көшудің маңызын жеткізді.
Подкаст қоғам өміріне бейжай қарамайтын, өз көзқарасын қалыптастырғысы келетін және өзгеріске үлес қосуды мақсат еткен жастар үшін пайдалы ақпарат ұсынады.