Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Балалар бізді жерлеуі керек еді… Керісінше емес» - Мұрат Бисенбиннің әкесі сұхбат берді (ВИДЕО)

17:41, 09 қаңтар 2026

Алматыдағы Орталық мешітте белгілі кино майталманы Мұрат Бисенбинмен қоштасу рәсімі өтті, деп хабарлайды Alash.kz. 

54 жасқа қараған шағында дүниеден өткен актерді туған-туыстары мен қала тұрғындары ақырғы сапарына аттандырды. Өнер иесі соңғы бір жылда қатерлі ісікпен арпалысқан, сондай-ақ желтоқсан айында инсульт алып, денсаулығы сыр берген.

Марқұмның әкесі Болат Бисенбин перзентінің білімді әрі сегіз қырлы, бір сырлы азамат болғанын тебірене еске алды. Оның айтуынша, Мұрат ағылшын тіліне жетік, спортқа жақын және ешқандай жаман әдеттерден аулақ болған.

Кино әлемінде өзіндік ізін қалдырған актердің соңында жұбайы мен үш перзенті қалды. Ұлының қазасына қайғырған әкесі былай деді:

«Соңғы кездері жағдайы нашарлап кетіп еді. 8 қаңтарда «Мұраттан айырылып қалдық» деп естіртті. Өте ауыр. Қазақта «ең қиыны - балаңның артында қалғаның» деп айтады ғой. Балалар бізді жерлеуі керек еді, керісінше емес. Темекі тартпады, ішпеді, спортпен айналысты. Өнерге жақын болып, киноға түсті. Қандай актер екеніне халық баға берді ғой».

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар