Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Ескерту! Әскери операция жасауға дайын” - Трамп әлем күтпеген мәлімдеме жасады

17:04, 09 қаңтар 2026

Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамп Мексика аумағында әскери операция жүргізуге ниетті екенін жеткізді, деп хабарлайды Alash.kz. 

Fox News телеарнасына берген сұхбатында ол көрші елдегі жағдайға алаңдаушылық білдірді.

Трамптың пайымдауынша, қазіргі уақытта Мексиканы ресми билік емес, іс жүзінде есірткі картельдері басқарып отыр. Ол бұл жағдайдың қалыпты емес екенін атап өтті. Бұған дейін, 3 қаңтарда Венесуэладағы әрекеттерден соң, Ақ үй басшысы Латын Америкасының бірнеше еліне ескерту жасаған болатын. Сол кезде ол есірткі тасымалының тым көбейіп кеткеніне байланысты Вашингтонның Мексикаға қатысты “бірдеңе істеуіне тура келетінін” айтып, сес көрсеткен еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар