Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында хабар-ошарсыз кеткен отбасыға қатысты жаңа мәліметтер жарияланды, деп жазды Alash.kz.
Журналист Жұлдыз Қайратова әлеуметтік желідегі парақшасында арнайы видео-сұхбат жариялап, марқұм Мақсот Мұқанғалиевтің қарындасы Асила Мұқанғалиеваның пікірін ұсынған.
Сұхбат барысында Асила Мұқанғалиева туыстары хабар-ошарсыз кеткен Наурыздың ұялы телефоны әлі күнге дейін қосулы тұрғанын айтты. Оның сөзінше, ол Наурызға тікелей хабарлама жібермеген, тек мессенджерлер арқылы оның соңғы рет желіге қашан кіргенін бақылап отырған.
Сонымен қатар Асила Мұқанғалиева марқұм Мақсот Қарабалиннің қызы, жоғалғаны хабарланған Ақбаянға қатысты да өз ойын білдіріп, істің мән-жайы әлі де толық анықталмағанын жеткізді.
Еске сала кетейік, бірнеше күн бұрын Мақсот Қарабалин мен Насип Утешкалиеваның мәйіттері табылған болатын. Тергеу мәліметіне сәйкес, олардың денелері өз үйлерінің ауласындағы сарайда көмулі күйде анықталып, үстіне жиһаз қойылып жасырылған. Бұл ақпаратты Атырау облыстық полиция департаменті ресми түрде растады.
Полицияның хабарлауынша, аталған факті бойынша кісі өлтіру белгілерімен қылмыстық іс қозғалған. Қазіргі таңда негізгі күдіктінің жеке басы анықталып, оны ұстау бойынша іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар тағы екі адамның қайда екені белгісіз, оларды іздеу шаралары жалғасып жатыр.