Атырауда 59 жастағы Талғат Назаров есімді ер адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Alash.kz.
Ол 2026 жылғы 9 қаңтар күні шамамен сағат 13:30-да үйінен шығып, осы уақытқа дейін қайтып оралмаған.
"Ер адам Кокарна шағынауданында тұрған. Белгілері: бойы шамамен 170–175 см, дене бітімі орташа. Үстінде қара түсті күрте және қара түсті шалбар болған", - деп жазылған полиция қызметкерлері таратқан хабарландыруда.
Полиция жоғалған адамның жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат білетін азаматтарды құқық қорғау органдарына хабарлауды сұрайды.