Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Жарты ай бұрын инсульт алып, ауруханада 11 күн ем қабылдаған еді". Актер Мұрат Бисембиннің әкесі қайғысын жеткізді (ВИДЕО)

09:49, 10 қаңтар 2026

9 қаңтар күні Алматы қаласында қазақстандық актер Мұрат Бисембинді ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті. Қоштасу рәсімі кезінде марқұмның әкесі Болат Бисембин ұлының соңғы күндері туралы айтып, көзіне жас алды. Оның сөзінше, актер соңғы бір жарым жыл бойы ауыр дертпен күрескен, деп жазды Alash.kz.

«Ауырғанына бір жарым жыл болды. Ем іздеп Башқұртстанға да барды. Бұрын “жаман ауруға” қарсы тұру керек, күресу керек деп жүретін. Бірақ кейінгі уақытта жағдайы қатты нашарлады. Жарты ай бұрын инсульт алып, орталық ауруханада 11 күн ем қабылдады. Соңғы күндері тамақ іше алмай қалды. 8 қаңтар күні таңғы сағат 8-де хабарласқанымда, “Мұрат қайтыс болыпты” деген қаралы хабар жетті», – деді Болат Бисембин.

Марқұмның әкесі баласынан айырылу ата-ана үшін орны толмас қайғы екенін айтып, Мұраттың өмірге деген көзқарасын, сабырлы мінезі мен күрескер рухын еске алды.

Мұрат Бисембин қазақстандық кино және театр өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған актер ретінде ел жадында сақталады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар