Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Трамп Ресей президенті Владимир Путинді «ұстап әкету» операциясы жайлы тосын мәлімдеме жасады

13:46, 10 қаңтар 2026

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей лидері Владимир Путинді Венесуэла президенті Николас Мадуроны ұстағандай «ұстап әкету» операциясын жүргізудің қажеттігін көрмейтінін мәлімдеді. Бұл туралы ол Fox News журналистіне айтқан, Белый үйде мұнай-газ компаниялары басшыларымен кездескен кезінде, деп жазды Alash.kz.

Трамп:

«Мен мұны қажет деп ойламаймын. Мен әрдайым оның [Путиннің] жеке өзімен жақсы қарым-қатынастамын», — деп жауап берді.

Сонымен бірге президент Украинадағы келіссөздер процесінен «өте көңілі қалатынын» айтты. Ол бұрын сегіз соғысты реттегенін еске салып, Украинадағы қақтығысты «орташа немесе ең жеңілдерінен біреу болады деп ойлағанын» жеткізді.

Еске сала кетсек, 3 қаңтарда АҚШ әскері «Абсолютная решимость» операциясын өткізді. Соның нәтижесінде Венесуэлаға авиаудар жасалып, президент Николас Мадуро мен оның жары Силия Флорес ұсталып, АҚШ-қа жеткізілді. АҚШ БАҚ-тарының мәліметі бойынша, олар Бруклиндегі тергеу абақтысына қамалған. Оларға есірткі терроризмі, кокаин контрабандасы, қару-жарақ пен жарылғыш заттарды сақтау және қастандық сияқты айыптар тағылған.

Ресей СІМ АҚШ-тың Венесуэлаға жасаған «қарусыз агрессиясын» айыптап, эскалацияға жол бермеуге және мәселені диалог арқылы шешуге шақырды. Сондай-ақ ведомство американ әкімшілігін Мадуро мен оның әйелін босатуға үндеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар