Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қуанышты хабар! Зейнетақы мен жәрдемақы өседі: 2027 жылдан бастап не өзгереді?

17:53, 02 қыркүйек 2026

Қазақстанда 2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы жарияланды, деп хабарлайды Alash.kz. 

Құжатта 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап бірқатар әлеуметтік төлемдер мен есептік көрсеткіштердің жаңа мөлшері көрсетілген.

Жобаға сәйкес, 2027 жылы айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 4 693 теңгеге дейін ұлғаяды. Қазіргі таңда АЕК мөлшері 4 325 теңге болып отыр.

Сонымен қатар зейнетақы төлемдері де артады. Мемлекеттік базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 38 622 теңге болады. Қазір бұл көрсеткіш 35 596 теңгені құрайды.

Ең төменгі зейнетақы мөлшері 69 049 теңгеден 74 919 теңгеге дейін өседі. Ал күнкөріс минимумы 50 851 теңгеден 55 173 теңгеге дейін көтеріледі.

Ал ең төменгі жалақы мөлшеріне өзгеріс енгізілмейді. 2027 жылдан бастап ол 85 мың теңге деңгейінде сақталады.

Аталған көрсеткіштер Қазақстанның 2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджеті туралы заң жобасында ұсынылған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар