Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Аяусыз теуіп, шаштан сүйреген»: Астанада бейтаныс адамдар соққыға жыққан бойжеткен өз шындығын айтты (ФОТО)

16:19, 02 қыркүйек 2026

Астана полициясы түнгі клубтардың бірінде орын алған төбелеске қатысты тергеу амалдарын бастады, деп хабарлайды Alash.kz.

Оқиға туралы жәбірленуші бойжеткен Threads әлеуметтік желісінде ашық жазба қалдырып, сөзге келісіп қалғаннан кейін бір топ адамның өзін аяусыз соққыға жыққанын хабарлады.

Бүгінгі таңда белгілі болғандай, кеңінен талқыланған бұл оқиға 15 тамызда Nova клубында болған. Сөзге қарағанда, бойжеткен ғимарат ішінде байқаусызда өзге демалушыны қағып кетіп, сол бойда кешірім сұраған. Алайда, оның айтуынша, қарсы тараптағы жастар тобы мұнымен тоқтамай, соңынан тиісіп, сөзге келген.

Келіншек өз мекенжайына ауыр сөздер айтылғанын, тіпті олардың бірі қол жұмсамақ болғанын атап өтті. Алғашында ғимарат ішіндегі кикілжіңді мекеменің қауіпсіздік қызметкерлері тоқтатқан еді.

«Мекеменің бейнебақылау камераларынан мені құлатып, денеме аяқпен соққы бергенін және шашымнан сүйрегенін анық көруге болады. Нәтижесінде: бүкіл денеде көгерген жерлер мен мидың жеңіл шайқалуы. Осы уақыттың бұрын күзетшілер оларды менен әрең ажыратып алды», – деп мәлімдеді жәбірленуші бойжеткен.

Түнгі клубтағы бұзақылыққа қатысты Есіл аудандық полиция басқармасы ресми жауап берді.

«Дене жарақатын келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп, сараптама тағайындалды. Осы құқық бұзушылықты жасауға қатысы бар барлық тұлғаларды анықтау шаралары қабылдануда», – деп атап өтті полиция өкілдері.

Құқық қорғау органдары тергеу құпиялылығы мен мүддесіне байланысты өзге де мәліметтердің жария етілмейтінін ескертті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар