Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Бейбітшілікті қалаймыз”: Украинадағы соғыс тоқтай ма? Путин Тоқаевтың ұсынысына жауап берді

16:31, 02 қыркүйек 2026

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтату туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Alash.kz. 

Путиннің айтуынша, бұл мәселе Тоқаевпен жеке кездесуде талқыланбаған.

«Біз бұл мәселені онымен (Тоқаевпен – ред.) мүлде талқылаған жоқпыз. Ол бұл ұсынысты көпшілік алдында айтты. Біз онымен бұл мәселеге оралған жоқпыз. Әрине, біз де тек соғысты тоқтата тұруды емес, оны толық тоқтатып, Украинада да, жалпы Еуропада да ұзақ мерзімді бейбітшілікке қол жеткізуді қалаймыз», – деді Путин.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев шілде айында Омбыда Владимир Путинмен кездесуі кезінде Украинадағы әскери қимылдарды уақытша тоқтатып, бейбіт келіссөздер жүргізу үшін Ыстанбұл форматына қайта оралуды ұсынған еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар