Жамбыл облысында тастанды қыз баланың анасы анықталды. Ол 1989 жылы туған жергілікті тұрғын болып шықты, деп хабарлайды Alash.kz.
Дереккөздің берген мәліметіне сүйенсек, аталған азаматша Гвардейск елді мекеніндегі жергілікті мектептердің бірінде еден жуушы болып қызмет атқарған. Оның далада қалдырған нәрестесінен өзге тағы төрт баласы бар. Күйеуі жоқ.
Тұрмыстық тауқыметке қарамастан, оның өзге балалары әрдайым киімі бүтін, тамағы тоқ болған. Осы себепті де құқық қорғау органдары іздеу салған ананың дәл осы келіншек болып шығуы жергілікті тұрғындарды қатты таңғалдырды.
Ал Жамбыл облысының әкімдігі бұл оқиғаға қатысты тергеу құпиялылығын алға тартып, қандай да бір ресми түсініктеме беруден бас тартты.