Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстанда бұрын рұқсат берілген барлық құрылысты қайта тексеру ұсынылды

11:54, 05 ақпан 2024 336
Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Тимур Қарағойшин жаңа құрылыс кодексінің жобасында қандай өзгеріс барын түсіндірді. Үкімет жаңа құрылыс кодексінің жобасын және ілеспе заң жобасын әзірлеп, оны мәжіліске енгізді.
Жоба құрылысқа берілген барлық рұқсатты қайта қарауды көздеп отыр.
"Лицензия алушылардың бірыңғай цифрлық тізілімін енгізу барлық берілген рұқсаттың біліктілік талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл нарықты жосықсыз компаниялардан тазартуға жол ашады. Тізілімде нақты субъект туралы мәліметтер, тәжірибенің, біліктіліктің болуы және басқа да мәліметтер болады. Жоба өз кезегінде құрылыс нарығында субъектілердің салауатты бәсекелестігін қамтамасыз етуге және сарапшылардың құзыретін арттыруға мүмкіндік береді", – деді Тимур Қарағойшин.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар