Шымкентте қатыгездікпен өлтірілген 21 жастағы Нұрай Серікбайдың қырық күндік асы берілді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Марқұмның ағасы Сұлтан Серікбай Threads желісіндегі парақшасында жазба жариялап, күдіктіні өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады.
“Бүгін Нұрайдың 40 күндік асы өтті.
Жап-жас нәзік қыздың "Қырқына" көп адам келіп көңілдерін білдірді. Өкініштісі бізден кейін және біздің алдымызда үлкен жасқа келіп қайтқан кісілердің жылдық асын беріп жатты. Соның арасында "қаршадай" қыздың қырқын беру өте ауыр екен. Жүректі езеді, қинайды.Біздің талап: Енді өсіп келе жатқан гүлді тамырымен бірге жұлған адамды "өмірбақи бас бостандығынан айырсын" деген үкімді күтеміз”,- деп жазды Сұлтан Серікбай.