Қазақстанда жол апаты азаймай тұр. Бүгін Маңғыстау облысында жантүршігерлік жол апаты болды. Қайғылы оқиға бүгін, 11 қыркүйек күні Қарақия ауданының Сенек елді мекенінен 90 шақырым қашықтықта орналасқан тас жолда болды, деп жазады Alash.KZ.
Алдын ала мәлімет бойынша, «Toyota Hiace» көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, салдарынан көлік жол шетіне аударылып кеткен. Ішінде жолаушылар болған.
Салдарынан 8 адам оқиға орнында көз жұмды, тағы екі адам ауруханаға бара жатқанда қайтыс болды.
Жүргізуші мен екі жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Маңғыстау облысында жол апатынан 10 адам көз жұмды (ВИДЕО)
Ашық дерекөздерден
Соңғы жаңалықтар
"400 мың теңге пара алды деп күдіктелуде" - Павлодардың бас санитар дәрігері ұсталды
20:14, 26 қараша 2026
"Әкемді қайтыс болғаннан кейін ақтаңыздар!» - Арон Атабектің қызы үндеу жолдады
16:05, 26 қараша 2026
«Бишімбаевтың ісі тағы қайталануда. Дереу қамауға алу керек!»: Шудағы оқиға елді шошытты
14:32, 26 қараша 2026
Тұмау мен ЖРВИ белең алды: Елімізде мектеп оқушылары қашықтан оқуға жіберіле ме?
10:58, 26 қараша 2026