Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Маңдайға жазған бір жақсылығы бар": Димаштың анасы ұлының қашан үйленетінін айтты (ВИДЕО)

11:36, 28 қараша 2025 591

ҚР Халық әртісі Димаш Құдайбергеннің анасы, әнші Светлана Айтбаева болашақ келініне қатысты өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды Alash.kz.

“Жібек жолы” телеарнасының “Бүгін.live” бағдарламасында берген сұхбатында Димаштың таңдауына толық қолдау білдіретінін, босағасын аттайтын аруды құшақ жая қарсы алатынын айтты. Ұлының келіншек түсіріп, өз теңін табуын асыға күтіп жүргенін жеткізді.

"Кез келген ата-ананың арманы – баласын аяқтандыру. Сәті түскен бір күні болар. Әзірге Димаш білесіздер, жылдың аяғына дейін жоспарланған концерттері бар. Тығыз күнтізбемен қарбалас болып, ары-бері жүгіріп жүр. Маңдайға жазылғаннан асып кете алмайсың дейді ғой. Сол маңдайға жазылған бір жақсылығы бар деп сенеміз. Талап қоймаймын, кім болса да бұйырғаны. Кім болса да, құшақ жая қарсы аламыз. Қатаң бір тәртіп қоймаймыз, бірақ жақсы бір кеңестерімізді айтып, өзіміздің әулеттің қағидаларын айтып, өзімізге қарай баулитынымыз рас", - деді Света Айтбаева. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар