Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Күйеубаласының қатысы болуы мүмкін деген". Атырау облысындағы отбасының жоғалып кетуіне байланысты "жұмбақ хакер" сұхбат берді

10:25, 10 қаңтар 2026

Атырау облысында қоғам назарын аудартқан оқиғаға, жоғалған бүтін бір отбасыға қатысты тың деректерді өз бетінше анықтап, әлеуметтік желіде жариялаған «Атыраулық хакер» лақап атымен танылған азамат жеке өмірі мен қызметі жайында сұхбат берді. Бұл туралы Alash.kz хабарлады.

Хакерден Қабырбай есімді атыраулық блогер сұхбат алған. Әңгіме барысында «Атыраулық хакер» өзінің Нұрлан есімді азамат екенін айтып, жеке деректерін ашып көрсетті.

«Есімім – Нұрлан. Мұны көпшілік біледі. Бірақ жеке суреттерімді интернетке салмаймын. Дегенмен, жүргізіп отырған аккаунтым мен атқарған жұмыстарым арқылы мені танитындар бар деп ойлаймын. Өзім Атырау облысына қарасты Құрманғазы ауданының тумасымын. “Хаккер Атырау” парақшасын Instagram желісінде жүргіземін. Негізгі бағытым – ІТ саласы, ақпараттық қауіпсіздік, түрлі шолулар. Зерттеу мен анықтау бағытында видеолар түсіремін», – дейді ол.

Нұрланның айтуына қарағанда, техника мен технологияға қызығушылығы бала кезінен басталған. Бағдарламалау саласына келмей тұрып, түрлі жұмыстар атқарып көрген: жүк тасушы да, такси жүргізушісі де болған. Кейін өз бетімен ізденіп, білімін жетілдіру үшін Мәскеуге барған.

«Маған оқу орнынан гөрі жеке ізденіс көбірек пайдасын тигізді. Бұл салада 2019 жылдан бері жұмыс істеп келемін. Алғашқы нақты тапсырмам – атыраулық азаматтың бұзылған аккаунтын қалпына келтіру мақсатында жасалған кибершабуыл болды», – дейді ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Атыраулық хакер» өңірде бірнеше ай бойы із-түзсіз жоғалып кеткен отбасының ісіне қатысты болжам жасап, олардың жоғалуына әулеттің күйеу баласы Сұлтан Сәрсемалиев күдікті болуы мүмкін екенін айтқан еді. Бұл мәлімдеме қоғамда кеңінен талқыланған болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар