Маңғыстау облысында екі мектеп оқушысын автобус қақты. Оқушылар жолға жүгіріп шығып, ереже бұзған, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Lada.kz редакциясына оқырман автобустың балаларды қаққан сәті түсірілген видео жіберген. Басылым тілшісі мән-жайды анықтау үшін полицияға жүгінді.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сәйкес, қоғамдық көлік жүргізушісі бағдаршамның жасыл түсіне қозғалған. Ал оқушылар жол қозғалысы ережелерін сақтамай, жолға жүгіріп шыққан.
Зардап шеккен екі бала аман қалды. Бір оқушының аяғы сынған, оған медициналық көмек көрсетілген соң үйіне жіберілді. Екіншісінің оң қолы сынған, ол қазір Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының жарақат бөлімінде ем қабылдап жатыр.
Автобус жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабы бойынша хаттама толтырылды.