Атырау қаласының прокуратурасы жыл басынан бері 200-ден астам баланың құқығын қорғады, деп хабарлайды Alash.kz.
Атырау қаласының прокуратурасы 200-ден астам баланың құқықтарын қорғады.
Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдар мен полицияның 24 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Мысалы, полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандарға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамаларды қорғаушының қатысуынсыз жасаған. Прокурордың наразылығымен осындай 197 хаттама жойылды.
Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі балалардың үйде оқуы үшін мемлекеттік жәрдемақы төленбеу және жетім балаларды мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу кезегіне қою бойынша тиісті шаралардың қабылданбауы сияқты заңбұзушылықтар анықталды.
Прокуратураның шаралары нәтижесінде үш жетім бала тұрғын үй алу үшін кезекке қойылды, ал жеті мүмкіндігі шектеулі балаға үйде оқу жәрдемақысы төленді.
Прокуратураның араласуымен жетім балалар мен мүмкіндігі шектеулі балалардың конституциялық құқықтары қорғалды.
Сонымен қатар, прокурорлар зиянды мазмұндағы 85-тен астам интернет-ресурсты, чаттарды және әлеуметтік желілердегі парақшаларды бұғаттау шараларын қабылдады. Бұл ресурстарда суицид, есірткі заттары және басқа да теріс мазмұндағы ақпараттар насихатталған. Осы бағыттағы жұмыстар тұрақты бақылауда.