Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жатып қалдым: Ернар Айдар жол апатына ұшыраған

15:45, 20 қараша 2024 589

Әнші Ернар Айдар  2017 жылғы жол апатынан кейін өмірі түбегейлі өзгеріп кеткенін жеткізді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Nur.kz сайтына сілтеме жасап. 

Әнші алдымен ауруханада, кейін үйінде 2-3 ай жатқан. Ол бұл жағдайдан кейін өмірге деген көзқарасы өзгеріп, отбасын құруға бел буған.

"Күнім сен сөнбеші" деген әнімнен кейін табылды. Жол апатына түстім. Оған дейін бойдақтық өмір. Кейін үйленемін деп жүре бергенмін. Ата-анам да сұрай берді. Ол кезде нақты қызым да жоқ. Бәрін кейінге қалдырып жүрдім. Қызбен жүріге уақыт та жоқ. Солай 2017 жылы сәуірде гастрольдік сапарда жүргенде жол апатына түсемін. Мен аураханаға түскенде бәрі шулап кетті. Барынша шулатпайық деп, дәл сондай көлікті де таптық. Ата-анам көріп уайымдамасын деп дәл сондай көлікті сатып алдым. Бірақ біреу менің ота жасайын деп жатқан сәттегі суретімді, көлігімнің суретін жариялап жіберген. Солай бәрі шулап, ақпарат ата-анама да жетті. Олар келіп бірден "Үйленесін" деді. Бір Алла сақтады. Жол апатында өмірім үш секундта өзгеріп кетті. Тым жақсы концерттен айқайлап шығып, бір мезетте жатып қалдым. Төрт секундтың ішінде көлік аударылып кетті. Сол сәт өмірімді өзгертті. Жұмысым да, бәрі тоқтап қалды. Сол жағдайдан кейін үйленемін деп шештім. Сол уақытта Мадинамды да таптым", - деді Ернар Айдар

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар