Опера әншісі Сүндет Байғожин жантүршігерлік жол апатына тап болғанын баяндады, деп хабарлайды Alash.kz.
Ол бұл туралы инстаграм әлеуметтік желісінде мәлім етті. Айтуынша, Жақсы-Атбасар трассасында келе жатқан кезінде алдындағы Lada маркалы автокөліктің жолдың жиегіне қарай шығып кеткенін байқаған.
Көлікте анасы, 2 ұлы, 1 қызы болған екен.
Аманқарағайдан Астанаға көшкен отбасы. Сүндет Байғожинге оқырмандарының арасынан бұл отбасыны танимыз деп жазып жатқандар бар.
Олардың айтуынша, қаза тапқан жандар жақында қайтыс болған қызының қырық күндік асын беріп келе жатқан.