Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жантүршігерлік жол апатынан 2 адам көз жұмды

12:59, 20 желтоқсан 2025

Батыс Қазақстан облысында, Самара – Шымкент тас жолының Барбастау ауылы тұсында ВАЗ-2112 мен Volkswagen Passat көліктері жол апатына ұшырады. Оқиға салдарынан екі әйел көз жұмды, деп жазады Alash.KZ.

Куәгерлердің айтуынша, қаза болғандар — шетелдік автокөліктің жолаушысы және ВАЗ көлігінің жүргізушісі. Бұл ақпаратты Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті де растады.

Алдын ала деректерге сәйкес, ВАЗ-2112 жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып кеткен де, Volkswagen Passat көлігімен соқтығысқан. Апат кезінде жүргізуші мен тағы екі жолаушы әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Аталған жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі таңда жол-көлік оқиғасының нақты себептері мен мән-жайы анықталуда.

Еске салайық, 18 желтоқсанда полицияға «Highvill» тұрғын үй кешені аумағынан ер адамның денесі табылғаны туралы хабар түскен болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар