Атырауда жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен отбасының иесі Мақсот Мұқанғалиевтың қарындасы Асила Мұқанғалиева журналистерге сұхбат беріп, тың деректерті бөлісті, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
"Аман-есен бәріңіз ортамызға оралыңыздаршы. Сұлтан, бауырларымды қайда жібердің? Бір хабарын беріңдерші деп тілеймін. Мақсот Мұқанғалиев деген кісі – менің әкемнің інісі. Ең бірінші Наурыз деген інім жұмысқа кетеді. Ол телефон арқылы сөйлесіп тұрады екен. "Менде бәрі жақсы, жұмыстамын, қолым тимей жүр" дейтін", – деді ол.