Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Дубайда алғаш рет әуе таксиі қолданысқа берілмекші

10:34, 15 ақпан 2024 254
Жергілікті жол және көлік департаменті американдық электр ұшақтарын өндіретін компаниямен орнатқан келісімге сәйкес Дубайда әуе таксиі 2026 жылдың басында қызмет көрсете бастайды.

Әуе таксиін іске қосу мақсатында Араб Әмірлігі “Joby Aviation” компаниясымен ынтымақтастық келісімге қол қойды. Компанияның негізін қалаушы Джобен Бевирттің айтуынша, Біріккен Араб Әмірлігінің билігі компанияны тиісті инфрақұрылыммен, нормативтік саясатпен және дұрыс сипаттамасы бар ұшақтармен қамтамасыз етті.

“Соңғы онжылдықта БАӘ қарқынды дамып келеді. Дубай қаласы да есігін әлемге айқара ашты. Бұл ел мен қаланың серпінді жұмыс істейтін өршіл адамдарды тартатынына көз жеткіздік. Мемлекет басындағы адамдардың венчурлік капиталды инвестициялауға және тартуға деген ұмтылысы – көптеген елге үлгі боларлық әрекет”, – дейді компания басшысы Джобен Бевирт.

Әуе таксиінің максималды жылдамдығы сағатына 320 шақырым. Сәйкесінше мұндай такси Дубай әуежайы мен Палм-Джумейра арасындағы 30-45 минуттық жолды 10 минутқа дейін қысқартады.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар