Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Мұғалімдердің жүктемесі… Әділетсіздік тоқтайды!”: Министр ұстаздарды қуантатын жаңалығын бөлісті

15:19, 06 қаңтар 2026

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдердің жұмыс жүктемесі жайлы мәлімдеме жасап, қандай өзгерістер болатынын хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

“Директордың немесе оқу ісі жөніндегі орынбасардың жеке өздеріне ұнаған мұғалімдерге сағат бөлудегі әділетсіздіктерді тоқтату үшін осы НОБД арқылы мұғалімдердің  жүктемесін қарай отырып, олардың алған сыныптарын 11-сыныпқа дейін апаруын сүйемелдеуін қарастыру өзекті деп санаймын.

Дәл қазір Еңбек министрлігімен бірлесе отырып біз осы сағаттардың санын цифрландырғымыз келеді. Неге? Өйткені бұл сағаттар оқушылардың санына байланысты бөлінеді. Егер сағаттардың саны цифрландырылып, барлығы ашық ақпаратта болатын болса, онда бүгінгі таңдағы қаржылық заңбұзушылықтар орын алмас еді.

Яғни қанша сағат бөлінеді? Біз осыны жылда білетін едік. Соған сәйкес оның қаражаты есептелетін еді. Қаражаты мен сағат саны цифрландырылса, оның барлығы қолжетімді болса, онда қоғамдық бақылауды да жүзеге асыруға мүмкін болатын еді. Біз Еңбек министрлігіне арнайы барып осы платформаларды жетілдіруге байланысты жұмысымызды жалғастырамыз”-деді Жұлдыз Сүлейменова.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар