35 жастағы Әсел Әмірханқызы Шәуілдір ауруханасында комада 7 күн жатқаннан кейін өмірден озды, деп хабарлайды Alash.kz.
Апатқа ұшыраған әйелдің ішкі мүшелері аман болғанымен, денесінің 90 пайызы күйіп кеткен. Марқұм артында күйеуі мен 11 және 12 жастағы екі баласын қалдырды.
Әсел Әмірханқызы педиатр дәрігер болып жұмыс істеген. Жарылыс болған көпқабатты үйдегі пәтерді ол мемлекеттік бағдарлама арқылы шамамен екі жыл бұрын алған екен.
Апат жағдайы жергілікті тұрғындар мен туыстары арасында үлкен қайғыға себеп болды.