Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Апта соңында Ресей аумағынан БҚО-ға тасқынның екінші кезеңі келе жатыр

11:03, 02 сәуір 2024 752

Батыс Қазақстан облысына Ресей аумағанын су тасқынының екінші кезеңі келе жатыр. Бұл туралы «Қазгидромет» мекемесі бас директорының орынбасары Серік Саиров жариялады. 

 

Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрағына жауап берген Серік Саиров Қостанай облысының орталық, батыс бөлігінде қайтадан тасқын басталуы мүмкін екендігін баяндады. Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысында тасқынның екінші кезеңі күтілетінін айтты.

– Ол кезеңнің көзі – Ресей аумағынан келетін судың көлемі. Өйткені Ирикла су қоймасынан келетін судың мөлшері көбейіп, оларда суды күрт түсіру жұмысы жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, Жайыққа Башқұрстаннан Сақмар өзені келіп қосылады. Ол жақтан Қазақстаннан кірген Ілек өзені барады. Соның бәрі қосылып, Оралға жақын кезеңде үлкен су келеді деп күтіліп отыр. Жақын кезең дегенде осы аптаның аяғына дейінгі мерзімді айтып тұрмын. Жайық өзені қазірдің өзінде көтеріліп жатыр. Біздің құрылымдық бөлімшелердің дайындығы бойынша, дайындық қарқынды жүріп жатыр», - дейді Серік Сайыров.

Сайыров «Қазгидромет» өкілдері Ресей мамандарымен күнделікті байланыста екенін, ақпарат күнделікті келіп жатқанын айтады. 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар