Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

81 млн доллар - Болат Өтемұратов OLX-ты сатып алды

18:09, 06 қараша 2026

Бұрын президент ісін басқарған Болат Өтемұратовқа қатысы бар «Верный Капитал» компаниялар тобы OLX Group-тен OLX Қазақстанның 100% үлесін сатып алу мәмілесін аяқтады деп жазады Alash.kz порталы “Капитал” басылымына сілтеме жасап.

Сатып алу Beeline Қазақстан арқылы жүзеге асты. Мәміле барлық қажетті мемлекеттік реттеу рәсімдері аяқталғаннан кейін күшіне енді. Келісімнің құны 81 млн доллар.

«Бұл – біз үшін портфельді кеңейту ғана емес, күнделікті цифрлық қызметтер инфрақұрылымына салынған инвестиция», – деді БJлат Өтемұратов.

Ақпаратқа қарағанда, OLX Қазақстан сайтын ай сайын шамамен 9 млн адам белсенді пайдаланады. Платформа түрлі тауар мен қызмет, жұмыс орындары, автомобильдер және жылжымайтын мүлік туралы хабарландыру жариялау мүмкіндігін ұсынады.

Қазақстандағы ең дәулетті кәсіпкерлердің бірі Болат Өтемұратовтың банк, телекоммуникация, қонақүй, жылжымайтын мүлік және білім беру салаларында бизнесі бар. Актив жағынан елдегі бесінші орында тұрған Forte Bank-ке ие. Оның «КаР-Тел» ЖШС (Beeline және IZI) үлесі бар. Forbes оның байлығын 5,4 млрд доллар деп бағалайды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар