Астана қаласы Алматы ауданының М.Жұмабаев көшесінде орналасқа тандырханада жарылыс болып, бірнеше адам жарақат алды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Қалалық ТЖД мәліметінше, өрт екі қабатты ғимаратқа жапсарлас салынған бір қабатты тандырханадан шыққан. Дәл осы жерде тұрмыстық газ баллонының газ-ауа қоспасы жарылып, нысанның бір бөлігі қираған.
ТЖД оқиға жайлы былай деп хабарлады:
«ТЖД бөлімшелері келгенге дейін тұрмыстық газ баллонының газ-ауа қоспасынан жарылыс болып, нәтижесінде ғимарат жартылай қираған. Құтқарушылар негізгі ғимаратқа өрттің таралуына жол бермей, жедел түрде 5 газ баллонын шығарды. Өрт сөндірушілердің үйлесімді және жылдам әрекеттерінің арқасында өрт толығымен сөндірілді», – делінген ресми мәлімдемеде.
Жарылыс кезінде күйік алған 4 қызметкер ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендердің жағдайы нақтылану үстінде.