Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"20 тісін емдейміз деп 5 cағат ота жасаған". Алматыда 3 жасар бала көз жұмды, ал полиция істі жауып тастаған

09:33, 06 желтоқсан 2025

Алматыда жекеменшік стоматологияда ем қабылдаған үш жасар бала көз жұмды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Алматыдағы жеке стоматологияда жоспарлы ем қабылдаған үш жасар бала қайтыс болды. Бұл туралы баланың ата-анасы мәлімдеп, оқиғаға дәрігерлердің салғырттығы себеп болғанын айтып отыр.

Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлауынша, оқиға 13 сәуір күні болған. Марқұмның әкесі Азаматтың айтуына қарағанда, баланың беті ісіп, тамақ ішпей жүрген соң стоматологқа апарған. Клиника мамандары тісін емдеу керек деп, баланы 30 сәуір күні таңғы 07:00-де операцияға шақырған. Ата-ана сөзіне қарағанда, операция алдында педиатр рұқсаты да, қан талдаулары да сұралмаған.

Әкесі операцияның 5,5 сағатқа созылғанын айтады. Наркоздан шыққан бала толық есін жимаған күйде үйге жіберілген.

Сол күні кешке баланың жағдайы күрт нашарлаған. Ата-анасы жедел жәрдемді күтпей, өздері ауруханаға жеткізген. Алайда дәрігерлер бүлдіршінді аман алып қала алмаған. Бала түнгі 01:00-де көз жұмған.

Оқиға күні полиция қылмыстық іс қозғаған. Алайда екі айдан соң іс ата-анасына хабарланбай жабылған.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қазір іс бойынша жан-жақты тергеу қайта жүргізіліп жатыр. Материалдар тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жіберілген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар